Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Бес баланың анасы боксқа оралып, марапатқа ие болды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан чемпионы, көпбалалы ана Әйгерім Сәттібаева Жамбыл облысы спорт федерациясынан «Өңір алдындағы еңбегі үшін» төсбелгісін алды. Бұл марапат оған аймақтағы спорттың дамуына қосқан үлесі мен табандылығы үшін берілді.

Бес баланың анасы боксқа оралып, марапатқа ие болды
instagram.com/@boxingkazakhstan

15 жыл үзілістен кейінгі оралу

Әйгерім Сәттібаева алғаш рет 2010 жылы Қазақстан чемпионы атанған. Кейін спорттан уақытша қол үзіп, отбасына, бала тәрбиесіне көңіл бөлді. Бүгінде ол — төрт қыз бен бір ұлдың анасы.

Арада 15 жыл өткен соң, 2025 жылы Семейдегі ел чемпионатында қайтадан алтын белбеуді иеленіп, рингке лайықты түрде оралды.

Әйгерімнің айтуынша, оның спортқа қайта оралуына отбасы мен жұбайының қолдауы үлкен әсер еткен. Әсіресе қайын атасының батасы мен сенімі оны шабыттандырған:

«Қайын атамның батасын алғаннан кейін өзімді жаңа өмір бастағандай сезіндім. Сол сенім маған қанат бітірді», — дейді спортшы.

Жаңа белестер мен мойындау

2024 жылы Әйгерім Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал келесі жылы ел чемпионатында жеңіске жетіп, өзінің спорттық деңгейін қайта дәлелдеді. Осы жетістіктері үшін Жамбыл облысы спорт федерациясы оған құрмет марапатын табыс етті.

Әйгерім бүгінде дайындықты жалғастырып, Қазақстан намысын халықаралық ареналарда қорғауды мақсат етіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір