 
                Манама (Бахрейн) төрінде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Елнұра Қонырат қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалға шықты.
 
                Салмағы 80 келіден жоғары санатында өнер көрсеткен Елнұра Қонырат жартылай финалда ирандық Фатемех Растегармехдженабадимен қолғап түйістірді.
Қоңырат бірінші раундтан бастап қарсыласын қыспаққа алып, күшті соққыларымен үстемдік құрды. Әр раунд сайын ирандық боксшы нокдаунға түсті. Үшінші рет есеп ашылғаннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Бұл шешім техникалық нокаут ретінде тіркелді. Осылайша Қонырат қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алды.