 
                Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар тамаша өнер көрсетіп, финалға жолдама алды.
 
                54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Досжан Жұмахан жартылай финалда жапониялық Рюсэй Китамурамен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек басталған сәттен-ақ Досжан жоғары қарқын көрсетіп, қарсыласын қыспаққа алды. Оның дәл және акцентті соққылары жекпе-жектің бағытын толықтай өз бақылауына өткізуге мүмкіндік берді.
Соңғы раундта да басымдығын сақтаған қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Азия ойындарының финалына шықты.
Тағы бір отандасымыз, 46 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Арман Мырсәбит те жартылай финалда сенімді жеңіске жетті.
Ол тәжік боксшысы Дамир Назаровпен кездесіп, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Төрешілер бірауыздан шешім қабылдап, қазақстандыққа 5:0 есебін берді.