 
                Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек жеңіс тұғырынан көрінді.
 
                Еркін күрестен сынға түскен Бекасыл Асамбек 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда КХДР спортшысы Ю Ён Хунды 4:1 есебімен ұтты.
Жекпе-жек барысында Бекасыл басымдық танытып, тактикалық дәлдік пен мықты қорғаныс арқылы шешуші ұпайларды еншіледі.
Осылайша 17 жастағы қазақстандық балуан Азия ойындарының чемпионы атанып, ел қоржынына 12-ші алтын медальді салды.
Айта кетейік, тамыз айында Бекасыл Асамбек 17 жасқа дейінгі әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған.
Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 44 медаль бар:
Бұл көрсеткіштің арқасында Қазақстан жалпыкомандалық есепте төртінші орынға қайта көтерілді және Иран құрамасын басып озды.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы қола медаль саны бойынша бірінші, ал жалпы жүлде саны бойынша екінші орында тұр.