Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Тәжікстан файтері Жалғас Жұмағұловты жекпе-жекке шақырды

Сарапшы, спорт журналисі

UFC-дің экс файтері қазір Oktagon MMA лигасының аса жеңіл салмақтағы чемпионы.

Тәжікстан файтері Жалғас Жұмағұловты жекпе-жекке шақырды
Жалғас Жұмағұлов. Фото ашық дереккөзден

RCC лигасында өнер көрсетіп жүрген тәжікстандық спортшы, ММА жауынгері Халим Назрулоев (12-0) танымал қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловпен (18-9) жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.

«Біз бұл туралы жаттықтырушыммен ұзақ сөйлестік. Жалғаспен төбелескім келеді. Ол кезде оның Oktagon-мен келісімшарты бар еді. Мен оған үлкен құрметпен қараймын. Ол Fight Nights-тың чемпионы болды, енді Oktagon-да да белбеу иеленді», – деді Назрулоев Take Down басылымына берген сұхбатында.

Назрулоев соңғы жекпе-жегін биыл қыркүйекте Ресейдің Челябинск қаласында өткізіп, бразилиялық Веллитон да Силваны (10-4) сабмишнмен жеңген.

Жұмағұлов жақында кезекті жекпе-жегін өткізеді

Ал Жалғас Жұмағұлов (18-9) жақында ғана өзінің титулдық айқасы туралы ресми мәлімдеме жасады.

Еуропаның беделді Oktagon MMA лигасының чемпионы Жұмағұлов чехиялық файтер Давид Дворжакпен (22-6) кездесіп, белбеуін қорғайды. Дворжакты жанкүйерлер «Қабірші» (The Undertaker) деген лақап атпен таниды. Айқас 28 желтоқсанда Прагада (Чехия) өтеді.

«Мен белбеуді қорғамаймын – мен оның нағыз иесі кім екенін дәлелдеп жатырмын», – деп жазды Жұмағұлов Instagram парақшасында.

Айта кетейік, 37 жастағы Жұмағұлов – Oktagon MMA лигасының аса жеңіл салмақтағы чемпионы. Ол чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғамақ. Ал Дворжак титул үшін күрес құқығына Octagon 75 турнирінде неміс файтері Мохаммед Вали́дті (8-5) бірінші раундта нокаутқа жіберген соң ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір