7–21 қараша аралығында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы Ислам ынтымақтастығы ойындарына қатысатын қазақстандық балуандардың құрамы белгілі болды.
Биылғы Исламиадада Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша ұлттық құрамалары ел намысын қорғайды.
Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері, Қазақстанның басты жұлдыздары — Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов ұлттық құрама тізіміне енді.
Грек-рим күресінен Қазақстан намысын Ислам Евлоев (87 кг) қорғайды. Ал әйелдер құрамасы да тәжірибелі спортшылармен толыққан:
Бұл балуан қыздар соңғы жылдары халықаралық аренада тұрақты нәтиже көрсетіп келеді.