Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерін бір қуантты

Сарапшы, спорт журналисі

6 желтоқсанда қазақстандық кәсіпқой боксшы АҚШ-та шаршы алаңға шығады. Қарсылас - кубалық былғары қолғап шебері Эрисланди Лара. 

Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерін бір қуантты
Vesti.kz

Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жекке қызу дайындық үстінде. Спортшы Instagram парақшасында жаттығу залында түскен жаңа сурет пен жазба жариялады. 

«Үшінші титулымды алуға тура 1 ай қалды», — деп жазды Әлімханұлы фотосының астына.

Боксшының жазбасына мыңдаған лайк пен пікір жиналды.Жанкүйерлер өз чемпиондарын жігерлендіріп, алдағы кездесуде сәттілік тіледі:

«Нағыз сұлтансың!»

«Саған сенеміз, Жәнібек!»

«Айтқаның келсін, үшінші белбеу өзіңдікі болсын!» — деп жазды олар пікірлерде.

Көпшілік оның үшінші әлемдік белбеуін жеңіп алып, орта салмақтағы абсолютті чемпион боларына сенім білдірді.

Алдағы жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда WBA чемпионы Эрисланди Ларамен кездеседі. Бұл жекпе-жекте үш әлемдік белбеу сарапқа салынып, жеңімпаз орта салмақтағы біріктірілген чемпион атанады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір