UFC 324 деп аталатын турнирде Шавкат Рахмонов та бой көрсетуі мүмкін.
UFC промоушені өз тарихындағы ең ірі медиакелісімге қол қойды. 7,7 миллиард долларлық серіктестік аясындағы алғашқы турнир — UFC 324 2026 жылдың 24 қаңтарында Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.
MMA Junkie тілшісі Нолан Кингтің хабарлауынша, UFC ұйымы Paramount телеарнасымен 7 жылдық медиасеріктестік келісімге қол қойған. Бұл келісім — спорт индустриясындағы ең ірі мәмілелердің бірі.
UFC қазіргі уақытта ESPN-пен келісімшарт бойынша соңғы кезеңде жұмыс істеп жатыр. Қолданыстағы келісім 2025 жылы аяқталады, ал осы уақытқа дейін ұйым UFC 322 және UFC 323 турнирлерін өткізуі тиіс. Содан кейін UFC жаңа медиасеріктес — Paramount платформасына толықтай көшеді.
UFC президенті Дана Уайт турнирдің кардын жасау жұмысы жоғары қарқынмен жүріп жатқанын растады.
АҚШ басылымдарының хабарлауынша, басты жекпе-жекте жеңіл салмақтағы чемпион Илия Топурияның қатысуы ықтимал. Сондай-ақ жанкүйерлер үшін қуанышты жаңалық — қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың оралуы мүмкін. Ол 2025 маусымын аяқ жарақатына байланысты толық өткізіп алған еді, алайда қаңтар немесе ақпанда октагонға қайта шығуды жоспарлап отыр.