Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында 81 келі салмақ дәрежесінде финалдық белдесу аяқталды.
Күтпеген жерден шешуші кезеңге дейін жеткен қазақстандық дзюдошы Мәди Амангелді түрік балуаны, әлем чемпионатының қола жүлдегері Ведат Албайракпен күш сынасты.
Белдесу тартысты басталғанымен екінші минутта Албайрак шеберлігін көрсетіп, асқан дәлдікпен орындалған «иппон» әдісімен қазақстандық спортшыны жеңді. Осылайша түрік палуаны Исламиада чемпионы атанды.