Исламиада-2025: Қазақстан қоржынына алғашқы «алтын» түсті
Дзюдошы Аруна Жангелдина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарынеың чемпионы атанды.
Спортты дамыту дирекциясы
Финалдағы шешуші сәт
Аруна Жангелдина 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық белдесуде Камерун елінің спортшысы Георгеку Мунемен кездесіп, сенімді жеңіске жетті.
Біздің балуан финал бойы тактикалық басымдық көрсетіп, қарсыласына мүмкіндік бермей, шешуші әдіспен жеңісті өз пайдасына жазды.
Қазақстан құрамасының жалпы нәтижесі
Қазір Қазақстан құрамасы Исламиадада 101 спортшымен 21 спорт түрінен өнер көрсетіп жатыр. Дзюдо жарыстарының өзінде-ақ отандастарымыз 6 жүлде жеңіп алды:
- 1 алтын — Аруна Жангелдина
- 3 күміс
- 2 қола
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet