Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық файтердің айқасы күтпеген нәтижемен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық ММА файтері Диас Еренғайыпов Бахрейнде өткен Brave CF 101 турнирінде азербайжандық қарсыласымен ауыр жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Қазақстандық файтердің айқасы күтпеген нәтижемен аяқталды
sportilinet.kz

Бахрейннің Иса қаласында өткен Brave CF 101 турнирінде Диас Еренғайыпов (17-3) Байрам Шаммадовпен (10-4) күш сынасты. Жекпе-жек аса жеңіл салмақта өтті және үш раундқа жоспарланған болатын. Көпшілік бұл айқаста Диасты айқын фаворит санады. Бірақ жекпе-жек алдын ала болжанғандай аса оңай болмады.

Үш раундқа созылған тартысты кездесу қорытындысына қатысты төрешілер қақ жарылды. Десе де 29-28, 28-29, 29-28 шешімімен жеңісті қазақстандық файтерге берді.

Бұл жеңіс Еренғайыповтың кәсіби мансабындағы 18-ші жеңісі болды. Ал оның қарсыласы Байрам Шаммадов 5-ші рет жеңілістің дәмін татты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір