Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Допинг дауына қарамастан өзбек боксшысы WBC белбеуін нокаутпен еншіледі

Сарапшы, спорт журналисі

2024 жылғы Олимпиада чемпионы, өзбекстандық суперауыр салмақтағы боксшы Лазизбек Муллажонов (6-0, 6 KO) Ташкентте нигериялық Монясаху Муритадорды (6-3-2, 5 KO) техникалық нокаутпен жеңіп, вакантты WBC CISBB титулын иеленді. 

Допинг дауына қарамастан өзбек боксшысы WBC белбеуін нокаутпен еншіледі
tvazteca.com

Рингтегі толық үстемдік 

10 раундқа жоспарланған айқаста Муллажонов толық үстемдік көрсетті. Үшінші раундта нигериялық боксшы күресті жалғастырудан бас тартып тізерледі. Осылайша төреші жекпе-жекті тоқтатып, өзбек боксшысына кезекті жеңіс жазды.

Бұл – Муллажоновтың кәсіпқой рингтегі жетінші жеңісі. Ерекшелігі — оның барлық жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған.

Допингке байланысты дисквалификация

Бұған дейін хабарланғандай 26 жастағы Лазизбек Муллажонов үш жылға спорттан шеттетілді. Ол антидопинг ережелерін бұзғанын мойындап, дисквалификация 2025 жылдың 22 шілдесінен 2028 жылдың 21 шілдесіне дейін күшінде болады.

Сонымен қатар спортшының 2025 жылдың 11 маусымынан бастап барлық нәтижесі ресми түрде жойылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір