Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жәнібек Әлімханұлы салмағындағы супер жекпе-жек ауыр нокдаунмен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі

Лондондағы Tottenham Hotspur Stadium аренасында орта салмақтағы (72,6 кг) реванш жекпе-жегінде британдық жұлдыздар Крис Юбэнк-джуниор (35-4, 25 KO) мен Конор Бенн (24-1, 14 KO) қайта жолықты.

Жәнібек Әлімханұлы салмағындағы супер жекпе-жек ауыр нокдаунмен аяқталды
manchestereveningnews.co.uk

Жекпе-жектің басталуы: Бенн — агрессия, Юбэнк — амал іздеу

Конор Бенн рингке әдеттегідей шабуылдаушы тактикамен шықты. Юбэнк оған джебпен қарсы жауап беруге тырысты, жиі клинчке жүгінді. Оның басты мақсаты – жекпе-жектің басында Бенннің жылдамдығынан ауыр соққылар алмау.

3-раундта Юбэнк сәл белсенділігін арттырды. Ал 4-раундта екеуі хук алмасып, айқас қыза түсті. Бірақ британдық бокс жанкүйерлері күтпегендей Юбэнк тым пассивті болды. Төрешілер картасында есеп 0:4 болуы әбден мүмкін еді.

Бенннің басымдығы

Рингтегі динамика өзгергенімен Юбэнк бірқалыпты жекпе-жек көрсете алмады. Бенн біршама маневрлілігін жоғалтса да, бір жақ бетке шығумен  жақсы қорғанды. 

7-раундта екеуі қайта жанды. Бірақ Бенннің эпизодтары әлдеқайда әсерлі болды. 9-раундта рефери кездейсоқ соққы алды. Юбэнктің бұрышында ашу көбейді – тіпті атақты әкесі де келіп жігерлендірді.

Финал: Бенн екі рет нокдаун жасады

Жанкүйерлер айқас тым баяу жүріп жатқанын байқап, наразылық білдіре бастады. Алайда шешуші раундта Конор Бенн күттіртпей-ақ шоу жасады. Юбэнкті екі рет нокдаунға жіберді. Жекпе-жекті ерте аяқтауға аз ғана уақыт жетпей қалды.

Төрешілер шешімі:

  • 119–107
  • 116–110
  • 118–108

Үшеуі де — Конор Бенннің пайдасына.

Еске салайық, орта салмақта (WBO және IBF нұсқасы бойынша) әлем чемпионы – Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO).

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 3
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір