ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстанның ең сұлу боксшысы әлем жұлдыздарын жекпе-жекке шақырды

Қазақстанның танымал кәсіпқой боксшысы Балауса Мұздыман (9–0, 6 KO) 2026 жылға жоспарлаған жекпе-жек тізімін ресми түрде таныстырды. Спортшы Instagram парақшасына видео жариялап, келесі маусымдағы ықтимал қарсыластарын көрсетті.

Қазақстанның ең сұлу боксшысы әлем жұлдыздарын жекпе-жекке шақырды
instagram/@mu

Бокс әлеміндегі үздік үш жұлдыз

Мұздыман таңдаған ықтимал қарсыластар — қазіргі әлемдік бокстың ең мықты әрі беделді есімдері.

1. Чернека «Sugar Neekz» Джонсон (18–2, 8 KO)

  • Бантам салмақтың абсолютті әлем чемпионы
  • WBA, IBF, WBC және WBO титулдарының иегері
  • 2025 жылдың 11 шілдесінде Madison Square Garden аренасында Шурретта Меткалфты 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді

2. Дина Торслунд (23–0, 9 KO)

  • Данияның жеңілмеген жұлдызы
  • Бұрынғы WBO супер-бантам салмақ чемпионы
  • Қазіргі WBC және WBO бантам салмақ белбеулерінің иегері
  • Соңғы жекпе-жегі: 2024 жылы 25 қазанда Терюми Нукиді айқын басымдықпен жеңіп, екі титулын қорғады

3. Мицуки Хирута (9–0, 2 KO)

  • WBO нұсқасы бойынша супер-флай салмақтағы әлем чемпионы
  • 2022 жылдан бері титул иегері
  • 2025 жылдың 15 тамызында Наоми Карденас Гоместі төрешілердің бір ауыз шешімімен жеңе отырып, белбеуін қорғады

Балаусаның соңғы жекпе-жегі

Мұздіыман соңғы рет 2025 жылдың қыркүйегінде рингке шыққан. Ол UBO нұсқасы бойынша жеңіл салмақтың әлем чемпионы атанып, үнді боксшысы Мамту Сингхті техникалық нокаутпен жеңген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.