Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Трэш-ток емес, фактілер»: Шавкат Рахмонов UFC титулына үміткерді аяусыз сынады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық файтер Иэн Гэрри чемпиондыққа лайықты емес екенін алға тартты.

«Трэш-ток емес, фактілер»: Шавкат Рахмонов UFC титулына үміткерді аяусыз сынады
Шавкат Рахмонов. Фото: Getty Images

UFC жартылай орта салмағы рейтингінің үшінші нөмірі Шавкат Рахмонов бұрынғы қарсыласы, ирландиялық Иэн Гэрридің дивизион чемпионына басты үміткер мәртебесіне қатысты пікіріне келіспейтінін айтты.

22 қарашада Гэрри бұрынғы чемпион, америкалық Белал Мұхаммадты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді. Осыдан кейін ол қазіргі чемпион — ресейлік Ислам Махачевке қарсы жекпе-жекке шақыру тастады. Алайда «Номад» Иэннің чемпиондық сайысқа лайық екеніне күмән келтіреді.

«Трэш-ток емес, тек фактілер: Иэн Гэрри жарақаты болған кезімде маған жеңілді. Ол соңғы алты жекпе-жегінде ешкімді финишпен жеңбеді, ал Пратес болса, оны мерзімінен ерте құлата жаздады. Менің ойымша, бұл №1 үміткерге ұқсамайды», — деп жазды Шавкат Х әлеуметтік желісінде.

Еске сала кетейік, Рахмонов октагонға соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында шығып, Иэн Гэрриді төрешілердің шешімімен жеңген еді.

Қазіргі таңда қазақстандық файтер жартылай орта салмақ рейтингінде төртінші орында және оның кәсіби рекорды — 19 жекпе-жек, 19 жеңіс.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір