Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Геннадий Головкин Өзбекстанға қатысты шешім шығарды

Сарапшы, спорт журналисі

World Boxing президенті Геннадий Головкин 2026 жылғы әлем кубогының күнтізбесіне қатысты жоспарларды жария етті. Турнирдің шешуші кезеңі Өзбекстанда өтетіні белгілі болды.

Геннадий Головкин Өзбекстанға қатысты шешім шығарды
instagram/@gggboxing

Әлем кубогы Бразилияда басталып, Өзбекстанда түйінделеді

World Boxing федерациясы 2026 жылғы бокстан әлем кубогы кезеңдерінің алдын ала кестесін таныстырды.

Алдын ала жоспар бойынша:

  • 1-кезең – 2026 жылғы сәуірде Бразилияда өтеді;
  • 2-кезең – маусым айында Қытайда ұйымдастырылмақ;
  • финалдық кезең – қарашада Өзбекстанда өтеді.

Нақты күндері мен жарыс қабылдайтын қалалардың атауы кейінірек ресми түрде жарияланады.

Өзбекстан – финалдың иесі

World Boxing басшылығы финалдық кезеңді Өзбекстанға беру арқылы Орталық Азиядағы бокс инфрақұрылымының қарқынды дамуын, сондай-ақ аймақтағы көрермен қызығушылығының жоғары екенін мойындап отыр.

Өзбекстан соңғы жылдары әуесқой бокста да, кәсіби рингте де өз сөзін айтып жүрген мемлекеттердің бірі. Финалдың осы елде өтуі аймақ елдері үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де үлкен мотивация болмақ.

U19 әлем чемпионаты да күнтізбеде бар

World Boxing ұсынған алдын ала жарыс күнтізбесінде жасөспірімдер арасындағы U19 бокстан әлем чемпионаты да бар.

Турнир жаз айларында өтеді. Орны әзірге белгіленген жоқ, қосымша ақпарат кейін жарияланбақ. Бұл дода да болашақ жұлдыздарды танытатын маңызды алаң болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір