Аралас жекпе-жектен хорватиялық аңыз Мирко «КроКоп» Филипович ресейлік Федор Емельяненкомен өтетін бокс жекпе-жегі үшін кемінде 1 миллион доллар табыс табуы мүмкін. Мұндай болжамды танымал промоутер Камил Гаджиев айтты.
Гаджиевтің айтуынша, екі ардагер жұлдыздың есімі ғана көрерменді қызықтырып, үлкен коммерциялық сұраныс тудырады. Промоутер жекпе-жектің қаржылай қыры жөнінде былай дейді:
«„КроКоп – Емельяненко“ жекпе-жегінің өзі – тұтас бір бренд. Ал бренд үшін ақша төлеу керек. Менің ойымша, КроКоп кем дегенде бір миллион доллар алады», – деген пікір білдірген Камил Гаджиев.
Яғни ұйымдастырушылар хорватиялық файтердің есімі мен тарихына сай жоғары гонорар бөлуге дайын екені байқалады.
Мирко Филипович пен Федор Емельяненко тарихы бұрыннан сабақтас. Екі жұлдыз 2005 жылы PRIDE турнирінде рингте жолыққан. Сол кездегі жекпе-жек жанкүйерлер жадында қалған ауыр салмақтағы ең күтулі айқастардың бірі саналады. Қарсыласу толық қашықтыққа созылып, Федор Емельяненко бір ауыздан қабылданған төрешілер шешімімен жеңіске жеткен.
Осыдан кейін де екі спортшы MMA жанкүйерлері үшін бөлек мәртебеге ие болып, аңыз деңгейіндегі тұлғалар ретінде есте қалды.