Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Украиналық жауынгер Шавкат Рахмоновтың экс-қарсыласын ерекше әдіспен жеңді

Сарапшы, спорт журналисі

Белгілі украиналық файтер Ярослав Амосов (28–1) UFC ұйымындағы дебюттік жекпе-жегін өткізді.

Украиналық жауынгер Шавкат Рахмоновтың экс-қарсыласын ерекше әдіспен жеңді
Сурет: ашық дереккөздерден

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Vegas 112 турнирі UFC промоушны үшін биылғы жылдың соңғы жарысы болды. Осы кештің басты жекпе-жектерінің бірінде украиналық файтер Ярослав Амосов америкалық тәжірибелі спортшы Нил Мэгниге (31–14) қарсы октагонға шықты.

Жартылай орта салмақта өткен бұл кездесу үш раундқа жоспарланғанымен, толық қашықтыққа жеткен жоқ. Амосов бірінші раундта қарсыласын тұншықтыру әдісімен (submission) жеңіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша, украиналық спортшы кәсіби ММА мансабындағы 29-шы жеңісіне қол жеткізсе, Мэгни 15-рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, Ярослав Амосов – Украина ММА тарихындағы ең табысты файтерлердің бірі. Ол Bellator ұйымының бұрынғы жартылай орта салмақтағы чемпионы, сондай-ақ спорттық самбодан бірнеше дүркін әлем чемпионы. Амосов өзінің жоғары деңгейдегі күресімен, төзімділігімен және тактикалық сауаттылығымен танымал. Ол Украина атынан халықаралық ареналарда тұрақты түрде өнер көрсетіп, елінің намысын қорғап келеді.

Мэгни Шавкатпен айқасқан

Еске салайық, 2022 жылдың маусым айында Нил Мэгни қазақстандық, әлі күнге дейін жеңілмеген файтер Шавкат Рахмоновқа (19–0) мерзімінен бұрын жол берген еді. Қазіргі таңда Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде үшінші орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір