IBA ӘЧ-2025: Қазақстан Өзбекстаннан озды
Дубайда Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионаты-2025 аяқталды.
Instagram/@boks_alemy.kz
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы медаль саны және алтындардың үлесі тұрғысынан басты қарсыластардың бірі Өзбекстанның алдын орап кетті.
Қазақстан әлем чемпионатында алты жүлде жеңіп алды:
- 3 алтын
- 1 күміс
- 2 қола
Әлем чемпиондары (алтын):
- Сәкен Бибосынов (54 кг)
- Оразбек Асылқұлов (57 кг)
- Абылайхан Жүсіпов (71 кг)
Күміс жүлде:
- Сабыржан Аққалықов (75 кг)
Қола жүлде:
- Теміртас Жүсіпов (48 кг)
- Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг)
Қазақстанның тарихи қарсыласы саналатын Өзбекстан құрамасы бұл жолы:
- 2 алтын
- 4 күміс
- 3 қола алды.
Алтын иелері:
- Хасанбой Дусматов (51 кг)
- Асадхужа Муйдинхужаев (67 кг)
Күміс жүлдегерлер:
- Абдумалик Халоков (60 кг)
- Джавохир Умматалиев (80 кг)
- Турабек Хабибуллаев (92 кг)
- Арман Маханов (92+ кг)
Қола жүлдегерлер:
- Асилбек Жалилов (54 кг)
- Худжаназар Нортожиев (57 кг)
- Фазлиддин Эркинбоев (75 кг)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet