Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Аққалықов соңғы айқаста жеңді деп ойлаймын» — Қайрат Сәтжанов ӘЧ-2025 қорытындылады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Дубайда (БАӘ) IBA ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатының нәтижесіне баға беріп, төрешілікке қатысты ойын да айтты.

«Аққалықов соңғы айқаста жеңді деп ойлаймын» — Қайрат Сәтжанов ӘЧ-2025 қорытындылады
Instagram/@boxingkazakhstan

«Нәтиже көңілден шықты»

Сәтжановтың сөзінше, ұлттық құраманың жалпы көрсеткіші жақсы:

«Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Біздің шәкірттер үш алтын, бір күміс және екі қола алды. Мен бәріне ризамын. Жігіттер қолдан келгеннің бәрін жасады, барынша күш жұмсады, лайықты өнер көрсетті. Өздеріңіз де көрдіңіздер, кейбір жекпе-жектер қарсыластардың пайдасына кетті. Дегенмен жалпы алғанда өте ризамын», — деді бас бапкер.

Төрешілік туралы — «Сабыржан жеңді деп есептеймін»

Маман соңғы финалға қатысты нақты пікір білдіріп, Сабыржан Аққалықовтың айқаста басым болғанын атап өтті:

«Менің ойымша, соңғы жекпе-жекте Сабыржан Аққалықов жеңіске жетті», — деді Қайрат Сәтжанов.

Негізгі жоспар: Азия ойындарына дайындық

Бас бапкердің айтуынша, бұл әлем чемпионаты команда үшін алдағы маңызды жарыстардың алдындағы тәжірибе алаңы болды: 

«Енді дайындықты жалғастырамыз. Қателіктермен жұмыс істейміз, тәжірибе жинаймыз. Бұл турнир біз үшін алдағы Азия ойындарының алдындағы дайындық секілді өтті. Жақсы сәттер де болды, қателіктер де кездесті — бәрін саралап, қорытынды шығарамыз».

Сондай-ақ ол 2026 жылы құраманы Азия чемпионаты және өзге де ірі турнирлер күтіп тұрғанын айтып, басты мақсатты нақтылады:

«Ең негізгі старт — Азия ойындары. Сол додаға тыңғылықты дайындалып, елді алтын медальдармен қуантамыз деп сенемін», — деді Сәтжанов.

Қазақстан құрамасының ӘЧ-2025 қоржыны: 6 медаль

Еске салайық, IBA әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы алты жүлде жеңіп алды:

Алтын:

  • Сәкен Бибосынов (54 кг)
  • Оразбек Асылқұлов (57 кг)
  • Абылайхан Жүсіпов (71 кг)

Күміс:

  • Сабыржан Аққалықов (75 кг)

Қола:

  • Теміртас Жүсіпов (48 кг)
  • Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір