Төрешілер шешімі Қазақстанды «алтыннан» айырды
Сабыржан Аққалықов Дубайдағы (БАӘ) IBA 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль місе тұтты.
sportnews.kz
Сабыржан Аққалықов «күміспен» шектелді
Аққалықов 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ресейлік Исмаил Муцольговпен кездесті. Жекпе-жек қорытындысында Муцольгов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша Исмаил Муцольгов — ӘЧ-2025 алтын жүлдегері атанды, ал Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатын күміспен аяқтады.
Қазақстан құрамасының нәтижесі: үш «алтын» бар
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы ӘЧ-2025 турнирінде үш алтын медаль жеңіп алған еді. Әлем чемпионы атанғандар:
- Сәкен Бибосынов (54 кг)
- Оразбек Асылқұлов (57 кг)
- Абылайхан Жүсіпов (71 кг)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet