Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Арман Царукян Куат Хамитовтың шақыртуына батыл жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі

ACBJJ 20 турнирі аяқталған соң жанкүйерлер күткен жаңалықтың бірі расталды: қазақстандық Қуат Хамитов пен армениялық Арман Царукян грэпплинг ережесі бойынша белдесетін болды. 

Арман Царукян Куат Хамитовтың шақыртуына батыл жауап берді
punchnews.kz

Мәскеудегі ACBJJ 20: екі жеңіс, бір үлкен шақырту

Мәскеуде өткен ACBJJ 20 турнирінде Арман Царукян Мехди Байдулаевты мерзімінен бұрын ұтып, басты жекпе-жектен кейін бірден назарға ілікті. Сол кеште Куат Хамитов та татамиге шығып, ресейлік Рашид Магомедовты төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңген еді.

Осыдан кейін Хамитов көпшілік алдында Царукянға тікелей үндеу жасап, “Ахалкалакциді” (Арман Царукян) татамиге шақырды.

Хамитовтың талабы: «UFC чемпионы болмай тұрып, менімен шығуың керек»

Қазақ файтері негізгі айқастан кейін кілемге шығып, қарсыласына ашық түрде талап қойды:

«Арман, сен UFC чемпионы атанбай тұрып, менімен белдесуге міндеттісің. Келістік, істейік. ACBJJ чемпионы болсаң, бас тартуға қақың жоқ», — деді Қуат Хамитов.

Царукянның жауабы: «Лига айтса, күні-түні күресемін»

Арман Царукян да “қаймықпай”, өз стилінде өткір мәлімдеме жасап, Хамитовпен күресуге дайын екенін жеткізді. Оның сөзінше, лига тарапынан ұсыныс түссе, уақыт та, формат та маңызды емес:

«Сенімен лига айтса, күні-түні күресе беремін. Бұл — табуға болатын ең оңай ақша», — деді Царукян.

Бұған дейінгі мәлімдеме және алдағы белдесу уақыты

Айта кетейік, бұған дейін баспасөз мәслихатында Арман Царукян “Найманмен” (Куат Хамитов) шығуға бірден келісе қоймаған. Ол кезде Царукян Шара Буллеттің есімі көбірек хайп әкелетінін алға тартқан.

Царукян мен Магомедов 30 желтоқсанда Ереванда грэпплинг кездесуін өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір