21 жастағы қазақстандық жеңілмеген өзбек файтерін ұтты
Ташкентте өткен Octagon 83 ММА турнирінде қазақстандық жас спортшы Ерасыл Сапар маңызды жеңіске жетті.
prosports.kz
Жеңіл салмақта өнер көрсеткен 21 жастағы файтер үш раундқа созылған жекпе-жекте жергілікті жанкүйерлердің үміті саналған Мадрахим Джабборовты тізе бүктірді.
Үш раунд толық өтіп, Ерасыл Сапар төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Осы нәтижеден кейін Сапар өзінің кәсіби рекордын 3-1 көрсеткішіне дейін жақсартты. Ал Джабборов кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеді.
Кештің басты оқиғасы жартылай орта салмақта өтеді: өзбекстандық Шохасан Мирзаматов (15-4) француз файтері Леви Карриелмен (6-4) күш сынасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet