Әлішер Абдулалим 90 секундта қарсыласын сұлатып салды (ВИДЕО)
Алматыдағы бокс кешінде Әлішер Абдулалим үндістандық былғары қолғап шеберімен кездескен болатын.
Offside.kz
Қазақстандық боксшы Әлішер Абдулалим (6-0, 4 KO) Алматыда өткен кәсіби бокс кешінде керемет жеңіске жетті.
Жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте Абдулалим үндістандық боксшы Рогит Раджамен (4-2, 3 KO) кездескен. 10 раундқа жоспарланған айқас ұзаққа созылған жоқ.
Қазақстандық боксшыға қарсыласын нокаутқа жіберу үшін бар болғаны 90 секунд жеткілікті болды. Жекпе-жек бірінші раундта тоқтатылды.
Осылайша Әлішер Абдулалим кәсіби мансабындағы жетінші жеңісіне жетті. Соның арқасында жеңіліссіз сериясын сақтап қалды. Ал Рогит Раджа кәсіби рингтегі үшінші жеңілісіне ұшырады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet