Усик пен Джошуаның қазақстандық спарринг-серігі рингке оралатын күні белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Жекпе-жек Алматы қаласында өтеді. 

Усик пен Джошуаның қазақстандық спарринг-серігі рингке оралатын күні белгілі болды
sport-pulse.kz

Қазақстандық суперауыр салмақтағы боксшы Нұрсұлтан Аманжолов (7-1, 6 KO) келесі жекпе-жегінің өтетін күнін нақтылады. 

BoxRec.com дерегіне сүйенсек, Аманжолов 27 желтоқсанда қайтадан рингке шығады. Жекпе-жек Алматыда өтетін Ali Akhmedov Promotions ұйымдастыратын бокс кеші аясында жоспарланған. Қазіргі уақытта Нұрсұлтанның қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ.

Алдағы кездесу Аманжолов үшін 2024 жылдың маусымынан бергі алғашқы жекпе-жек болмақ. Ол кезде қазақстандық боксшы өзбекстандық Мухиддин Раджапбаевты (12-18-1, 8 KO) мерзімінен бұрын жеңген еді. Ол айқас та Алматыда өткен.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Аманжолов бұған дейін украиналық әлем чемпионы Александр Усикпен, Ұлыбританияның бұрынғы суперауыр салмақтағы әлем чемпионы Энтони Джошуамен спарринг-серік ретінде дайындық жүргізген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір