Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Топ файтер Шавкат Рахмоновты нокаутқа түсірмек

Сарапшы, спорт журналисі

Америкалық файтер Рахмоновтың командасы жекпе-жектен қашқақтап отыр деп есептейді

Топ файтер Шавкат Рахмоновты нокаутқа түсірмек
Shyndyk.kz

UFC-дің жартылай орта салмағында өнер көрсететін америкалық файтер Хоакин Бакли (дивизион рейтингінде 10-орын) қазақстандық жұлдыз Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қатысты өткір мәлімдеме жасады.

Parry Punch басылымына берген сұхбатында америкалық файтер Рахмоновтың командасы бұл жекпе-жектен қашқақтап отыр деп есептейтінін айтты.

«Оның бапкері мен менеджері маған: “Бұл жігіттен аулақ жүр” деді. Олар Шавкаттың менімен төбелескенін қаламайды. Себебі менің оны нокаутқа түсіруге мүмкіндігім бар екенін біледі. Біздің айқас оның Джефф Нилмен болған жекпе-жегіне ұқсас болар еді. Бірақ мен аз соққы алып, Шавкатқа көбірек зақым келтірер едім», — деді Бакли.

Бұған дейін Бакли әлеуметтік желілер арқылы Рахмоновқа ашық түрде үн қатып, оны «Өзбекстанда жасырынып жүр» деп айыптаған болатын. Бұл мәлімдеме ММА жанкүйерлері арасында кең талқылауға түсті.

Сарапшылардың пікірінше, Рахмонов пен Бакли арасындағы жекпе-жек рейтинг тұрғысынан да, көрермен қызығушылығы жағынан да жоғары деңгейде болар еді. Бұл айқас жеңімпазын титулдық жекпе-жекке бір қадам жақындатады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір