Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Наталья Богданова жыл боксшысы атағына үміткер

Сарапшы, спорт журналисі

Биыл қазақстандық спортшы World Boxing ұйымдастырған екі додада топ жарған болатын.

Наталья Богданова жыл боксшысы атағына үміткер
Фото: Ақорда

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова World Boxing ұйымы тағайындайтын «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткерлер қатарына енді.

Сондай-ақ бұл номинацияға Үндістаннан Жасмин мен Минакши, Норвегия өкілі Суннива Хофстад және Польша боксшысы Агата Качмарска ұсынылған.

Еске сала кетейік, биыл Наталья Богданова World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Әлем біріншілігі қыркүйек айында Англияның Ливерпуль қаласында өтті. Турнир барысында қазақстандық боксшы 66кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, Үндістан өкілі Санамача Чануды, Түркия боксшысы Сема Чалышканды, Англия спортшысы Шантель Ридті және Аустралиялық Лекейша Перголитиді айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды.

Осыған дейін Наталья көктемде Ниште өткен IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында және 2022 жылғы Азия ойындарында қола жүлде иеленген болатын.

Одан бөлек Наталья Богданова Азия чемпионы (2024) және World Boxing ұйымдастыруымен Астанада өткен әлем кубогының жеңімпазы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір