Шавкат Рахмонов ашық аспан астында “қатты режимге” көшті (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады.

Шавкат Рахмонов ашық аспан астында “қатты режимге” көшті (ФОТО)
Instagram/@shavkatrakhmonov94

Ашық аспан астындағы дайындық: спарринг сәті де бар

Рахмонов Instagram-да таза ауадағы жаттығуынан бірнеше фото бөлісті. Кадрлардың бірінде қазақстандық спортшының спарринг кезіндегі сәті де көрінеді.

Жазба астына ол қысқа әрі нұсқа ой қалдырды:

«Тыныштық. Зейін. Жұмысты жалғастыр», — деп жазды Шавкат.

Соңғы жекпе-жегі қашан өтті?

Айта кетейік, Шавкат UFC-дегі соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айының басында өткізген. Лас-Вегаста (АҚШ) T-Mobile Arena кешенінде өткен UFC 310 турнирінде ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңген.

Осы жекпе-жектен кейін қазақстандық файтер жарақатына байланысты қалпына келу кезеңінен өткен.

Бапкері Эдуард Базровтың сөзінше, Шавкат Рахмонов келер жылдың көктемінде қайтадан октагонға оралуы ықтимал.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір