Қазақстандық файтер АҚШ-та титулдық айқасқа шығатын болды
Отандасымыз Жапония өкілімен жұдырықтасады.
BAQ.KZ
Қазақстандық ММА файтері Аян Тұрсын (8-1) АҚШ-тағы беделді Cage Fury Fighting Championships (CFFC) промоушенінде чемпиондық жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне ие болды.
Аян Тұрсын жеңіл салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеу үшін жапониялық, осы уақытқа дейін жеңіліс көрмеген файтер Ариса Мацудамен (7-0) кездеседі.
Жекпе-жек:
- 6 ақпанда
- Филадельфияда (Пенсильвания штаты, АҚШ)
- CFFC 150 турнирі аясында өтеді.
31 жастағы Аян Тұрсын үшін бұл CFFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жек болмақ. Бұған дейін ол Octagon және Dala Fighting Championship промоушендерінде өнер көрсеткен.
CFFC 150 турнирінің басты жекпе-жегінде Қырғызстан өкілі Бусурман Жумагул (4-0) мен АҚШ файтері Дэниэл Моррисон (7-2) жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулды сарапқа салады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet