Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қанат Исламның жоспарланған айқасы кейінге қалды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық боксшы Алматыда өтетін жекпе-жегін кейінге қалдырды.

Қанат Исламның жоспарланған айқасы кейінге қалды
Қанат Ислам. Фото: Getty Images

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыда өтуі тиіс болған алдағы жекпе-жегінің кейінге шегерілгенін мәлімдеді.

«Құрметті жанкүйерлерім, 27-сі күні Алматыда өтуі керек бокс кешіне мен шықпайтын болдым. Әртүрлі себептерге байланысты, соның ішінде қарсыластарымызға қатысты жағдайлар бар. Егер бәрі сәтті болса, жекпе-жек шамамен бір жарым айға кейінге қалады. Нақты күні белгілі болғанда, сіздерге міндетті түрде хабарлаймыз», — деді боксшы Instagram парақшасында.

41 жастағы 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері 27 желтоқсанда Алматыда өтетін бокс кешінде жұдырықтасуы тиіс еді.

Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокста айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Ол бірінші орта салмақ дәрежесінде WBA Inter-Continental, WBO NABO, WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin және WBA Fedecaribe белбеулерінің иегері атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір