Көшен Ақанов Өзбекстан өкілі Сардор Худойбердиевпен күш сынасқан болатын.
Қазақстандық ММА файтері Көшен Ақанов (6-1) Өзбекстан өкілі Сардор Худойбердиевті (9-3) ірі халықаралық турнирде мерзімінен бұрын жеңді.
Айқас Бухара қаласында өткен бахрейндік Brave 103 пен өзбекстандық ATF 27 ұйымдарының бірлескен турнирі аясында өтті. Жекпе-жек осы бір кештің басты оқиғаларының бірі болды. Үш раундқа жоспарланғанымен, соңына дейін жеткен жоқ. Көшен Ақанов қарсыласын жекпе-жектің 52-секундында нокаутқа жіберді.
Осылайша, Ақанов мансабындағы жетінші жеңісін тіркеді. Худойбердиев ММА-дегі төртінші жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, 28 жастағы Көшен Ақанов бұған дейін мансабындағы алғашқы жеңілісін биылғы мамыр айында тіркеген болатын. Ол кезде қазақстандық файтер ONE Championship турнирінде ресейлік Валерий Гусаровтан мерзімінен бұрын ұтылған еді.