Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Бақыт Сәрсекбаев «ұйқыдағы» қазақ боксына шапалақ берді

Сарапшы, спорт журналисі

Олимпиада чемпионы, Қазақстан U-22 құрамасының аға жаттықтырушысы Бақыт Сәрсекбаев 2025 жылғы отандық бокстың қорытындысын жасап, резерв құраманың әсерін ерекше атап өтті.

Бақыт Сәрсекбаев «ұйқыдағы» қазақ боксына шапалақ берді
instagram/@b.sarsekbayev

«Бұл – ұйқыдағы боксқа дер кезінде жасалған стратегиялық шапалақ»

Сәрсекбаевтың айтуынша, өзі үшін жыл қорытындысы жаман емес: жоспарланған мақсаттардың көбі орындалған. Ал жалпы қазақстандық бокс үшін 2025 жыл өнімді өтті дейді.

Бапкер резерв құраманың нәтижесін жоғары бағалап, оны қазақ боксы үшін маңызды серпін ретінде сипаттады:

«Резерв құрамы өз нәтижесін көрсетті. Тіпті ұялмай айтамын: бұл біздің ұйқыдағы бокске дер кезінде және стратегиялық тұрғыдан өте маңызды “шапалақ” болды», — деп жазды ол.

Резерв құрамы кімдерді «оятып жіберді»?

Сәрсекбаев резерв команданың құрылуы екі бағытта үлкен әсер бергенін алға тартты:

  • Ұлттық құраманың кейбір мүшелері босаңси бастаған. Өздерін «мәңгі бірінші нөмір» санап, еркінсіп кеткен спортшыларға бәсеке пайда болды.
  • Қазақстан бокс федерациясы (ҚБФ) белсенділігін жоғалта бастаған тұста, резерв құраманың нәтижесі федерацияны да «қозғап», жұмыс қарқынын арттырған.

Осылайша бапкердің сөзіне сенсек, шағын ғана ұжым үлкен жұмыс атқарып, қазақстандық бокстағы жалпы ахуалға әсер еткен.

Үш айда – екі Азия чемпионаты, 17 медаль

Жаттықтырушы өз шәкірттерін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, «арландар» қысқа мерзім ішінде (бар болғаны 3 айда) екі Азия чемпионатына қатысып, ел қоржынына 13 алтын медаль және 4 күміс медаль салған.

«Менің көзім жетті: қазақстандық бокстың болашағы зор! Бізде көзі жанып тұрған, талантты жастар бар. Тек олармен дұрыс жұмыс істеп, дайындап, бағыт-бағдар беру керек», — деді Сәрсекбаев.

Айта кетейік, 2025 жылы Коломбода өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Бақыт Сәрсекбаев баптаған қазақстандық боксшылар 22 алтын медаль жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір