Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Маған сенбеді». Назым Қызайбай жасы мен мансабы туралы ашық айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы әрі Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай спорттағы жасы мен кәсіби жолы туралы ойымен бөлісті.

«Маған сенбеді». Назым Қызайбай жасы мен мансабы туралы ашық айтты
Назым Қызайбай. Фото: ФБК

Спортшы әлеуметтік желідегі жазбасында Олимпиададағы қола жүлденің артында қаншама еңбек, ауыр кезеңдер мен сенімсіздік жатқанын атап өтті.

"Бұл суретке қараған сайын қандай жолдан өткенімді, қанша сынақты артқа тастағанымды сезінемін. Бұл — жай ғана қола медаль емес. Бұл — күмәнге, сынға және түрлі сөздерге қарамай алға жылжыған жолдың айғағы. Жарыс алдында көп адам «жасың келіп қалды» деді. Бірақ арманым үшін қанша еңбек еткенімді ешкім білмейді", — деп жазды Қызайбай.

Назым мансабы барысында талай рет сенімсіздік пен сынға ұшырағанын жасырмайды. Соған қарамастан, ол әрдайым өзіне сеніп, соңына дейін күрескенін жеткізді.

"Маған көп адам сенбеді, бірақ мен өзіме сендім. Айналадағы пікірлердің бәрі маңызды емес. Жүрегіңді тыңда. Сынаса да, кемсітсе де — өз жолыңнан тайма. Мен бәрін көріп, бәрін біліп жүрмін. Мен тек өз жұмысымды атқарамын. Құдай мұның бәрін маған бекер берген жоқ, өйткені мен ешкімге жамандық ойламаймын. Тек жақсылық тілеймін — тіпті маған ауыр сөз айтқандарға да. Еңбек ет, сабыр сақта. Нәтиже өзі сөйлейді", — деді спортшы.

Айта кетейік, Назым Қызайбай 48 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатын үш рет жеңіп алған:

  • 2014 жыл — Корея, Чеджу;
  • 2016 жыл — Астана;
  • 2025 жыл, наурыз — Сербия, Ниш.

Сондай-ақ ол Париж Олимпиадасында жартылай финалға дейін жетіп, қытайлық Ю У-ға жол берсе де, мансабындағы алғашқы Олимпиада жүлдесін — қола медальды еншіледі.

Бұдан бөлек, Назым Қызайбай Ливерпульде өткен әлем чемпионатында финалға дейін жетіп, күміс жүлде иеленген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір