Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

UFC Асу Алмабаев пен Шавкат Рахмоновқа кезекті допинг-тексеру жүргізді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық UFC жауынгерлері Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев осы аптада кезекті допинг-бақылаудан өтті.

UFC Асу Алмабаев пен Шавкат Рахмоновқа кезекті допинг-тексеру жүргізді
Асу Алмабаев пен Шавкат Рахмонов.

Бұл ақпаратты UFC ростеріндегі файтерлердің допинг-тесттерін тұрақты түрде бақылап отыратын UFC Drug Testing Watch парақшасы X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жариялады.

Мәліметке сәйкес, жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмонов үшін бұл 2025 жылғы төртінші допинг-тексеру болды. Ал ең жеңіл салмақ дәрежесінде (flyweight) жұдырықтасатын Асу Алмабаев биыл алтыншы рет тексеруден өтті.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов өзінің соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізген. Ол кездесуде ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.

Ал Асу Алмабаев октагонға жуырда шықты. 22 қарашада қазақстандық спортшы америкалық Алекс Пересті тұншықтыру әдісімен жеңіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір