ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Назым Қызайбайдың айқасы мерзімінен бұрын аяқталды (ВИДЕО)

Ол әлем кубогының жүлдегерімен жекпе-жек өткізді. 

Назым Қызайбайдың айқасы мерзімінен бұрын аяқталды (ВИДЕО)
pin-upsport.kz

Қазақстандық атақты боксшы Назым Қызайбай әлеуметтік желіде ерекше видеомен бөлісті. Қазақстан құрамасының капитаны Instagram парақшасында бокс емес, аралас жекпе-жек (ММА) форматындағы спаррингтің видеосын жариялады.

Назым Қызайбайдың қарсыласы — жасөспірімдер арасында 2024 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ World Boxing-2025 әлем кубогының финалында қола жүлде иеленген, ауыр салмақта өнер көрсететін Диана Магауяева болды.

Жекпе-жектің нәтижесі

Екі спортшы арасындағы тартысты айқас Назым Қызайбайдың тұншықтыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, Назым Қызайбай — Қазақстан тарихындағы ең титулды боксшы әйел. Оның еншісінде әлем чемпионаттарының үш алтын медалі. Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдесі бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.