В сынамасы 8 қаңтар күні ашылған еді.
Қазақстанның Кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы бойынша тәртіптік тыңдаудың өткізу күні белгіленгенін ресми түрде хабарлады:
“Тыңдау күні: 2026 жылғы 19 қаңтар. Өткізу уақыты мен орны: белгіленген тәртіпке сәйкес барлық мүдделі тараптарға қосымша хабарланатын болады. Федерация істің қаралуы қолданыстағы регламенттер, процестік әділдік қағидаттары, кінәсіздік презумпциясы және халықаралық антидопингтік стандарттар аясында қатаң түрде жүзеге асатынын атап өтеді” – деді Қазақстанның Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков.
Айта кетейік, желтоқсан айында Әлімханұлының допинг-сынамасы оның ағзасында тыйым салынған заттың бар екенін көрсеткен болатын. Осыдан кейін оның WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жегі тоқтатылды. Кейінірек боксшының командасы В сынамасын ашуды сұратқан еді.
Қазіргі таңда WBO және IBF допинг дауына қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.