UFC рейтингісінен шығарыла ма? Шавкат Рахмоновтың жағдайына баға берілді

Сарапшы, спорт журналисі

Ұзақ үзіліске байланысты жанкүйерлер Шавкат Рахмонов танымал лига рейтингісінен түсіп қалуы мүмкін деп алаңдай бастаған еді. 

UFC рейтингісінен шығарыла ма? Шавкат Рахмоновтың жағдайына баға берілді
asp.media

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. Содан бері оның октагонға қашан оралатыны жанкүйерлер арасында қызу талқыланып келеді. Түрлі қауесет те аз емес.  Бұл туралы sports.kz хабарлады. 

Жалған ақпарат пен ресми ұстаным

2025 жылдың күзінде әлемдік БАҚ-та Шавкат Рахмонов мансабын аяқтады деген ақпарат тарады. Алайда қазақстандық файтердің командасы бұл мәліметті жоққа шығарып, Рахмоновтың 2026 жылы міндетті түрде UFC-де жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді.

Соған қарамастан, 2026 жылдың қаңтар айының соңына дейін UFC тарапынан Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегінің нақты күні жарияланған жоқ. Бірақ файтер UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде қалып, тіпті екінші орынға дейін көтерілді.

Рейтингтен шығару қаупі

Ұзақ үзіліске байланысты жанкүйерлер Шавкат Рахмонов UFC рейтингінен түсіп қалуы мүмкін деп алаңдай бастады. Алайда ММА әлеміндегі беделді сарапшылар мұндай қауіптің жоқ екенін айтады.

Fight Nights промоушенінің президенті Камил Гаджиев бұл пікірді үзілді-кесілді жоққа шығарды.

"Иә, Шавкаттың жағдайында белгілі бір кідіріс болды, оған себеп болған жайттар бар. Бірақ Шавкат Рахмоновты UFC рейтингінен алып тастайды деу — тіпті елестетуге келмейтін нәрсе", — деді Гаджиев.

Қазақстандық лига басшысының пікірі

Қазақстандағы Naiza FC аралас жекпе-жек лигасының президенті Нұрбек Қарабала да Рахмоновтың рейтингтен шығарылмайтынына сенімді.

"Менің ойымша, Шавкатты ешкім рейтингтен шығармайды. Оған уақыт қажет. UFC оның соңғы жылдары жылына бір немесе бір жарым жылда бір рет айқасатынына үйренген. Шавкаттың әлі айтатын сөзі бар, әрі UFC мұны жақсы түсінеді", — деді Қарабала.

Менеджердің айтуынша, Шавкат Рахмонов жаттығуларын қайта бастаған, алайда жекпе-жек күнінің жариялануы белгілі бір себептермен кейінге шегеріліп отыр.

"Менің ойымша, үзіліске нақты бір жарақаттар себеп болып отыр. ММА — ең қиын спорт түрлерінің бірі. Бұл жерде толық дайындық пен мықты физикалық жағдай қажет. Бірақ мен жақында Шавкаттың физикалық қалпын өз көзіммен көріп, бірге жаттықтым. Оның UFC чемпионы болуына кедергі келтіретін ештеңе байқамадым", — деп түйіндеді Нұрбек Қарабала.

Оқи отырыңыздар: 

Әлем жұлдыздары Астанаға келеді

Қазақстандық шабуылшы "Вильярреалға" жеңіс сыйлады

Кәрім Бензема "Реалға" қайта келгісі келеді

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір