Германия атынан өнер көрсететін былғары қолғап шебері Артур Манн қарсыласын алғашқы раундта сұлатып тастады.
Қазақстанда туып, Германия атынан өнер көрсететін былғары қолғап шебері Артур Манн (22-5, 13 KO) Бад-Херсфельд қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жарқын жеңіске жетті.
Артур Манн рингте венесуэлалық боксшы Грегори Гарсиямен (12-3-1, 10 KO) кездесті. Бірінші ауыр салмақта өткен жекпе-жек 12 раундқа жоспарланғанымен, айқас ұзаққа созылған жоқ. Артур Манн қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Осылайша, Манн кәсіпқой боксшы мансабындағы 23-жеңісін тойлады. WBF нұсқасы бойынша крузервейттегі әлем чемпионының (екінші дәрежелі) титулын иеленді.
Ал Грегори Гарсия үшін бұл кәсіби мансабындағы төртінші жеңіліс болды.
Бір қызығы, жекпе-жектен кейін Артур Манн күтпеген шешім қабылдап, кәсіпқой боксшы ретіндегі мансабын аяқтайтынын ресми түрде жариялады.
Оқи отырыңыздар:
Қазақстан балуандары Загребте қос қолаға қол жеткізді
Қазақстаннның бес дүркін чемпионы стадионсыз қалды
Ұлттық құрама боксшылары Мұқағали Мақатаевқа құрмет көрсетті