Қазақстандық боксшы өзбекстандық әлем чемпионын жеңді

Сарапшы, спорт журналисі

Мұхамедсабыр Базарбайұлы "Странджа" турнирінде сәтті дебют жасады. 

Қазақстандық боксшы өзбекстандық әлем чемпионын жеңді
vesti.kz

1/16 финалдағы айқын басымдық

55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/16 финалда Базарбайұлының қарсыласы Өзбекстан өкілі Абдулазиз Жұрақұлов болды. Айта кетейік, қарсылас 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы атағына ие.

Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, төрешілердің шешімі қазақстандықтың пайдасына шықты. Ал Жұрақұлов турнирден шығып қалды.

Турнир қашан аяқталады?

Софиядағы “Странджа-2026” турнирі 1 наурызда мәресіне жетеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы жалпы 39 спортшыны қосты. 

  • 19 ер боксшы
  • 20 әйел боксшы
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір