Қазақстандық гүрзі жұдырықты нокдауннан кейін камбэк жасады (ВИДЕО)
Халықаралық "Странджа" турнирінде Нурмагомед Юсупов қиын сәттен кейін жеңіске жетті.
90 кг дейінгі салмақтағы 1/8 финалда Юсуповтың қарсыласы Уэльс өкілі Коннор Уильямс болды. Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілер қазақстандық боксшының қолын көтерілді.
Юсупов бірінші раундтан кейін ұтылып тұрды. Алғашқы раундта рефери қазақстандық боксшыға нокдаун санап берді. Дегенмен Нурмагомед екінші және үшінші раундта қарқынын күшейтіп, кездесудің барысын өз пайдасына бұра алды.
Осы жеңістің арқасында “Странджа-2026” турнирінің ширек финалына жолдама алды. Ал Уильямс жарысты аяқтады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.