Естен танған боксшы жекпе-жекті жалғастыра алмады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Детройтте өткен бокс кешінде жанкүйерлерді алаңдатқан жағдай тіркелді.

Естен танған боксшы жекпе-жекті жалғастыра алмады (ВИДЕО)
the-sun.com

Бокс кешіндегі сұмдық оқиға

Америкалық жартылай ауыр салмақтағы боксшы Джо Джордж-кіші қарсыласы Атиф Оберлтонға қарсы жекпе-жекте бірінші раундтан кейін естен танып, кездесуді жалғастыра алмады.

Жекпе-жектің алғашқы раундында боксшылар бастарын соқтығыстырып алды. Үш минуттық кезең аяқталған соң Джордж-кіші өз бұрышына барып, табуретке отырды да бапкерінің нұсқауын тыңдай бастаған.

Алайда бірнеше секундтан кейін кенеттен алға қарай құлап, ринг төсенішіне бетімен түсті. Осы сәтте рингке шұғыл түрде медицина қызметкерлері шақырылды.

Боксшының жағдайы қандай?

Дәрігерлер спортшыға жедел көмек көрсетіп, кейін залдан зембілмен алып шықты. Мәліметке сәйкес, Джо Джордж-кіші есіне келген, бірақ дәрігерлердің шешімі бойынша жекпе-жекті жалғастыруына тыйым салынды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір