Данияр Елеусінов UFC басшысының промоушенімен жұмыс істейтін болды

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда қазақстандық боксшылар Данияр Елеусінов пен Иван Дычко UFC президенті Дана Уайт негізін қалаған Zuffa Boxing промоушнымен келісімшартқа отырды.

Данияр Елеусінов UFC басшысының промоушенімен жұмыс істейтін болды
NUR.KZ

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Данияр Елеусінов пен Иван Дычко UFC президенті Дана Уайт құрған Zuffa Boxing промоутерлік компаниясымен ресми келісімшарт жасасты. 

Бұл келісім олардың халықаралық аренадағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, мансабына жаңа серпін беруі ықтимал.

Данияр мен Дычконың соңғы жекпе-жегі

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов шаршы алаңға соңғы рет өткен жылдың шілде айында шықты. Ол америкалық Джеймс Бэконды (26-6, 17 KO) екінші раундта нокаутпен жеңді.

Қазіргі таңда Елеусінов кәсіпқой рингте жеңіліссіз келе жатыр — 13 жекпе-жек, 13 жеңіс.

Ал суперауыр салмақта өнер көрсететін Иван Дычко соңғы кездесуін қыркүйек айында өткізді. Ол америкалық боксшы Джермейн Франклинге (24-2, 15 KO) есе жіберіп, мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Дегенмен, Дычконың көрсеткіші жаман емес. 16 жекпе-жектің 15-інде жеңіске жеткен, оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір