"Странджа кубогы": бүгін жеті қазақстандық жекпе-жек өткізеді

Сарапшы, спорт журналисі

Сәрсенбі, 25 ақпанда Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан бокстан халықаралық "Странджа кубогында" қазақстандықтардың қатысуымен жеті жекпе-жек өтеді.

"Странджа кубогы": бүгін жеті қазақстандық жекпе-жек өткізеді
Виктория Графеева. Фото: ҚБФ

Бір қызығы, екі кездесуде қазақстандық боксшылар өзара шаршы алаңға шығып, "ішкі дерби" өткізеді. Сондай-ақ тағы екі жекпе-жек аймақтық бокс "Эль-класикосына" айналып, Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары қолғап түйістіреді. Күндізгі сессия Астана уақытымен 17:00-де басталса, кешкі сессия 21:00-де өтеді.

Назарларыңызға 25 ақпандағы "Странджа кубогында" қазақстандық боксшылар қатысатын жекпе-жектерді ұсынамыз:

Күндізгі сессия (17:00):

А рингі

  • 57 кг. Әйелдер. Ұлжан Сәрсенбек — Айдана Забынбекова
  • 60 кг. Әйелдер. Римма Волосенко — Алиша Крокетт (АҚШ)

В рингі

  • 51 кг. Әйелдер. Жазира Орақбаева — Феруза Казакова (Өзбекстан)
  • 60 кг. Әйелдер. Виктория Графеева — Гизем Озер (Түркия)

Кешкі сессия (21:00):

А рингі

  • 65 кг. Әйелдер. Аружан Жанабаева — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
  • 90+ кг. Ерлер. Нұрлан Сапарбай — Даниял Сапарбай

В рингі

  • 65 кг. Әйелдер. Лаура Есенкелді — Мари-Анхелис Росендо (АҚШ)

Еске салсақ, бейресми түрде "Кіші әлем чемпионаты" аталып кеткен "Странджа кубогы" — Еуропадағы ең көне бокс турнирі. 2026 жылы бұл дода 77-рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстан құрамасы Болгария астанасына 39 боксшыны алып барды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір