Қазақстандық балуан Олимпиада жүлдегерін тас-талқан етті

Сарапшы, спорт журналисі

Тиранада (Албания) күрес түрлерінен “Мұхамет Мало” атты әлемдік рейтингтік серия турнирі басталды.

Қазақстандық балуан Олимпиада жүлдегерін тас-талқан етті
instagram/@911.aktau

Майис Алиев – Ислам Дудаев айқасы

Еркін күрестен 70 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан сынға түскен Майис Алиев боз кілем иесі, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Дудаевпен белдесті.

Белдесу белгіленген алты минутқа созылды. Дегенмен тартыс күткендегідей аяқталған жоқ. Алиев қарсыласын 8:3 есебімен ірі есеппен ұтып, жанкүйерді таңғалдырды.

Келесі кезең

Осы нәтижеден кейін Майис Алиев 1/8 финалға жолдама алып, турнирдегі жарысын жалғастырады.

Айта кетейік, Ислам Дудаев — Шешенстаннан шыққан спортшы. Ол 2021 жылдан бері Албания құрамасы сапында өнер көрсетіп келеді. 2024 жылдың тамызында Дудаев Албания тарихында күрестен Олимпиада жүлдесін алған алғашқы балуан атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір