"Странджа"-2026: Қазақстан – Түркия жекпе-жегінде жеңімпазды төрешілер анықтады
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Софиядағы халықаралық "Странджа" турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді.
Графеева түрік қарсыласын жеңді
Әйелдер арасындағы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалыда Викторияға түркиялық Гизем Озёр қарсы шықты. Үш раундқа созылған айқас толық қашықтыққа жетіп, нәтиже қазылардың шешімімен белгілі болды.
Қорытындысында төрешілер бөлінген шешіммен (4:1) жеңісті Виктория Графееваға берді.
Ширек финалға жолдама
Осы жеңістің арқасында Графеева турнирдің ширек финалына жолдама алып, түркиялық боксшының жарыстағы жолын тоқтатты. Айта кетейік, Виктория Графеева – әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Софиядағы "Странджа"-2026 халықаралық турнирі 1 наурызда мәресіне жетеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасынан 39 спортшы (19 ер, 20 әйел) қатысып жатыр.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.