Төменде Қазақстан құрамасының жарыстың үшінші күніндегі нәтижелері берілген.
Әйелдер арасындағы нәтижелер
- 51 кг: Жазира Орақбаева — Феруза Казакова (Өзбекстан) 0:5
- 57 кг: Ұлжан Сәрсенбек — Айдана Забынбекова 5:0
- 60 кг: Римма Волосенко — Алиша Крокетт (АҚШ) 5:0
- 60 кг: Виктория Графеева — Гизем Озёр (Түркия) 4:1
- 65 кг: Аружан Жаңабаева — Навбахор Хамидова (Өзбекстан) — Жаңабаева жарақатына байланысты жекпе-жекке шықпады, қарсыласы келесі кезеңге өтті
- 65 кг: Лаура Есенкелді — Мари-Анхелис Росендо (АҚШ) 5:0
Ерлер арасындағы нәтиже
- 90+ кг: Нұрлан Сапарбай — Даниял Сапарбай — Даниял Сапарбай жекпе-жектен бас тартты, осыған байланысты Нұрлан Сапарбай автоматты түрде келесі кезеңге өтті.
"Странджа кубогы" — Еуропадағы бокстан ең көне жарыстардың бірі. 2026 жылы турнир 77-рет ұйымдастырылып отыр. Додаға Қазақстан құрамасынан 39 спортшы (19 ер, 20 әйел) қатысуда.