Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы нокаутпен медаль еншіледі (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Таиланд астанасы Бангкокте U-19 World Boxing Futures Cup халықаралық турнирінде Владислав Саможонов кемінде қола медаль місе тұтты. 

Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы нокаутпен медаль еншіледі (ВИДЕО)
instagram/@boxingkazakhstan

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Саможонов ширек финалда жаңазеландиялық Те Ани Ракетемен қолғап түйістірді.

Жекпе-жектің екінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет тұрып қалған нокдаунға жіберді. Осыдан кейін төреші айқасты Владислав Саможоновтың айқын басымдығына байланысты тоқтатты.

Осы жеңістің арқасында Владислав Саможонов жартылай финалға жолдама алып, өзіне кем дегенде қола жүлдені кепілдендірді. Ал Те Ани Ракете жарысты ширек финал кезеңінде аяқтады.

Айта кетейік, World Boxing ұйымының Futures Cup турнирі тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бангкоктегі халықаралық дода 15 наурызға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір