"Болашақ кубогы-2026": Қазақстан – Тәжікстан жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі

Таиландта өтіп жатқан "Futures Cup" халықаралық турнирінде Хамза Мақсатұлы келесі кезеңге сенімді түрде өтті.

"Болашақ кубогы-2026": Қазақстан – Тәжікстан жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
sportarena.kz

Тәжікстандықты мерзімінен бұрын жеңді

Хамза 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тәжікстан өкілі Исфандиор Хасимовпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек толық өтпей, мерзімінен бұрын аяқталды.

Кездесудің бірінші раундынан бастап Хамза Мақсатұлы қарсыласынан шеберлігімен ерекшеленді. Қазақстандық спортшының соққысы дәл, шабуылы әлдеқайда қарқынды шықты. Жылдамдығы жоғары көрінді. Рингтегі қозғалысы тиімді болды.

Раунд соңына қарай Хамза қарсыласын ауыр соққымен дәл ұрып, нокдаун тіркелді. Осыдан кейін төрешілер тәжік боксшысын екінші раундқа шығармау туралы шешім қабылдады.

Жартылай финалға жолдама

Осылайша Хамза Мақсатұлы Futures Cup U19 турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл жеңіс оның турнирдегі медальға бір табан жақындай түскенін аңғартады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір