Нокауттар, бас тарту және жіберілген мүмкіндіктер: Қазақстан "Futures Cup"-та медаль үшін қалай айқасты?

Сарапшы, спорт журналисі

Бангкоктегі жастар турнирінде Қазақстан құрамасының алты боксшысы жартылай финалға шықты. 

Нокауттар, бас тарту және жіберілген мүмкіндіктер: Қазақстан "Futures Cup"-та медаль үшін қалай айқасты?
Instagram/@boxingkazakhstan

Ерлер арасындағы нәтижелер

50 келі

  • Арман Мірсәбит — Михаил Сидоренко (Украина) — 2:3

Қазақстандық боксшы тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер шешімімен есе жіберді.

60 келі

  • Досжан Жұмақан — Кристиан Харасник (Словакия) — Жұмаханның жеңісі

Словакиялық боксшы жекпе-жекке шықпағандықтан Досжан автоматты түрде келесі кезеңге өтті.

70 келі

  • Бибарыс Әшірбай — Асанте Ламар (АҚШ) — 3:2

Қазақстандық былғары қолғап шебері өте тартысты кездесуде қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалға шықты.

75 келі

  • Хамза Мақсатұлы — Исфандиер Хасимов (Тәжікстан) — Хамза Мақсатұлының техникалық нокаутпен жеңісі

Хамза жекпе-жекті бірінші раундтың өзінде аяқтап, айқын басымдық танытты.

80 келі

  • Тимур Тайбеков — Тронг Тиен Нгуен (Вьетнам) — Тайбековтың техникалық нокаутпен жеңісі

Жекпе-жек екінші раундта тоқтатылып, қазақстандық боксшының жеңісі тіркелді.

85 келі

  • Нұрсұлтан Қыстаубай — Жахонгир Рузибоев (Тәжікстан) — Қыстаубайдың техникалық нокаутпен жеңісі

Бұл кездесуде де қазақстандық боксшы бірінші раундта-ақ қарсыласын тоқтатты.

Қыздар арасындағы жекпе-жек қорытындылары

57 келі

  • Ақнұр Тұрсынғали — Бесма Бахри (Алжир) — 4:0

Қазақстандық боксшы сенімді жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

60 келі

  • Жасмин Абрамян — Лиз Тейссен (Нидерланды) — 1:4

Бұл кездесуде Жасмин төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.

65 келі

  • Айсұлу Мұхит — Лорин Элмор (АҚШ) — 0:5

Айсұлу Мұхит америкалық қарсыласына есе жіберіп, турнирдегі жорығын аяқтады.

Осылайша ширек финал қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының алты боксшысы жартылай финалға шығып, кем дегенде қола медальді қоржынға салды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір