Қазақстан боксшылары Черногорияның Будва қаласында өткен Montenegro Cup-2026 халықаралық турнирінде бес жүлде еншіледі.
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Montenegro Cup-2026 халықаралық турнирінде табысты өнер көрсетіп, ел қоржынына бес медаль салды.
Черногорияның Будва қаласында ұйымдастырылған жарыста қазақстандықтар бір алтын, бір күміс және үш қола місе тұтты.
Қазақстан құрамасына жалғыз алтын жүлдені 90 келіден жоғары салмақта сынға түскен Салауат Тілекбай сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Томирис Мырзақұл күміс медаль иеленді.
Ал қола жүлделерді мына боксшылар жеңіп алды:
Montenegro Cup-2026 турнирі 15-21 наурыз аралығында өтті. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы сапынан барлығы сегіз боксшы бақ сынады.
Олардың ішінде екеуі ерлер құрамасында, алты боксшы әйелдер құрамасында өнер көрсетті.
Будвадағы халықаралық турнирге Қазақстаннан бөлек Украина, Қырғызстан, Польша, Австрия, Мексика, Сербия, Косово, Черногория, Германия, Молдова, Солтүстік Македония, Грекия, Бельгия, Әзербайжан, Албания, Словакия және Босния мен Герцеговина боксшылары қатысты.